Павлодарда көлік жүргізушісі рөлде отырып кино көрген


ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция көлік басқарып келе жатып телефоннан фильм көріп отырған такси жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://strelochnik.com

Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 591-бап, бірінші тармағы — «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік іс қозғады.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Kolesa_pavlodara» Instagram парақшасында 13 қаңтар күні 003 бағытындағы такси жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланып фильм көргені туралы материал жарияланған.

«Жүргізушіге 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды», — деді тәртіп сақшылары.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/pavlodarda-kolik-zhurgizushisi-rolde-otyryp-kino-korgen_a3603469”

Заң Көлік